Малика Бектұрова: Жылына 2 миллионға дейін турист тартуды көздеп отырмыз

1796

Малика Бектұрова: Жылына 2 миллионға дейін турист тартуды көздеп отырмыз

Бүгінде ЭКСПО көрмесін өткізу арқасында Астанаға 4,5 млн адам саяxаттап келген. Бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 2,9 млн адамға көп, деп хабарлады қала әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың мәліметі бойынша туризм саласын дамыту үшін елорда әкімдігі 2020 жылға дейін туристердің санын жылына 2 млн-ға дейін жеткізбек ниетте. 

"Туризм саласын дамыту үшін біз Horwath компаниясымен жұмыс істейміз. Туризм бойынша әзірленген жаңа бағдарламада жылына 2 млн-ға дейін турист тартуды көздеп отырмыз, олардың 1 млн-нан астамы шетелдік болмақ. Өткен жылы туристердің жалпы саны 831 мың адамға жетті. Олардың 273 мыңы-шетелдіктер",- деді Малика Бектұрова.

Бүгінде әкімдік Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып, ЭКСПО аясында өткізілген шараларды тексерді, қазіргі уақытта соған орай жылына xалықаралық деңгейдегі 40 шараны қамтитын тізім анықталуда. 

"Онымен бірге біз мәдени және спорттық нысандар базасында туристерді тарту орталығын дамытуда жұмыс істеудеміз, сондай-ақ мұражайларды және ойын-сауық орталықтарды дамытудамыз. Біз 6 мәдени спорттық нысанды іріктеп алдық: Барыс-Арена, Астана-арена, "Алау" мұз айдыны, Бейбітшілік және келісім сарайы, "Жастар" сарайы, Астаналық цирк, осы нысаналарды сенім басқармасына беру арқылы бюждет қаражатының үнемделуі жылына 11,9 млн АҚШ долларын құрайды",- деді Астаны қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу